07/05/2026  Бейсенбі

1 1 1 1 1 1 1 1 1

Ата-аналарға 5- кеңес

 

«Отбасындағы және білім беру ұйымдарындағы зорлық-

зомбылықтыңалдын алу мен психологиялық көмек көрсету»

ата-аналарға арналған кеңес

Мақсаты: Ата –аналарға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту

Әдісі:     1. Баяндама

  1. Іс-жүзінде жүргізу (тас, ас бұршақ, құмды пайдалану арқылы)
  2. Жаттығу «Фольга»
  3. «Шаңырақ» жаттығуы

Өткізілген мерзімі:     7- ақпан, 2024

Аудитория: Мәдени шара залы

Жауапты адам: психолог Г.Қ. Шағанова

 1 1 1 1

 

Тақырыбы: Зорлық-зомбылық - жеке тұлғаға қол сұғушылық. Азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, адам психикасына немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, зорлау, бопсалау катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс болып табылады.

Заңмен реттеу тетіктері: . ҚР Ата Заңы;
2. Бала құқықғы туралы Конвенция;
3. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
4.Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы.

Қорлық, зорлық-зомбылық түрлері

  1. Психологиялық
  2. Физикалық
  3. Бопсалау
  4. Кибербуллинг
  5. Кемсітушілік
  6. Сексуалдық
  7. Суицид

           1.Қорғану шараларын күшейту

(видео, аудио, билбордттар дайындау);

2.Іш киім ережесі (балабқшадан бастап 11-сыныпқа дейін);
3.Ата-аналармен жұмысты жандандыру;
4.Әңгімелесулер жүргізу;
5. Түрлі тақырыптық тренингтер.

 

«Отбасындағы гиперактивті синдромы бар балаға психологиялық көмек көрсету»

ата-аналарға арналған кеңес

Мақсаты: балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарын педагогикалық және психологиялық қолдау

Әдісі:   Баяндама

Өткізілген мерзімі:   29 наурыз 2024

Аудитория: психолог кабинеті

Жауапты адам: психолог Г.Қ. Шағанова

   Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез – құлқы мен қимылы ерекше бала. Бұндай балалар балабақшада тәрбиешілерді ғана емес, отбасында ата – аналарын да шаршатары сөзсіз. Белсенді балалармен жұмыс жасау, дене күшін және жан күшін көп қажет етеді, бірақ қандай жұмыс болмасын баланың белсенділігі болу керек емес, керсінше тәртіп, білім ережелерін меңгеруге көмек көрсету керек. Біз барлық гипербелсенді балалармен жұмыстануда мынадай жағдайларды есте ұстауымыз қажет. Біріншіден - олардың «дегенімен» жүруге болмайды, еркін жіберетін болсақ - аласапыранның күшеюіне апарады. Екіншіден - баланың қолынан келмейтін күші жетпейтін нәрселерді талап етуге болмайды, ол қарсылыққа апарады. Ал ең ұнамсыз - ол өз өзіне жаман тәртіпсіз деген қарым қатынас.
Егер де бала барлық ашуымен балаларға жүгірсе, біз оны құшақтап «қане екеуіміз дұрыс тыныс алып демімізді шығарайық» немесе 1 - ден 10 – ға дейін бірге санайық десеңіз, бала ашу - ызасын ұмытып тынышталады. Сонымен қатар гипер белсенді балалар бимен, ән шырқаумен айналысқан жөн.. Ата - аналарға ондай балаларды жүзуге жіберуге кеңес береміз. Егерде серуендеп жүргенде бала қозып кететін болма біз оны жеңіл жүгіріспен алдаймыз, «қане біз алаң ішінде жүгірейік»деп жүгіріс кезінде жүгіру түрлерін ауыстыруға болады. Жүгірістен кейін баланың шиеленіскен жүйкесі басылып тынышталады. Гипербелсенді балалар дизритммен қиналады, оларда тәулік биоритм әрең деген де анықталады. Олар нашар ұйықтап әрең оянады, оларды жанында отырып қолдарын ұстап иығынан сипап ұйықтату тиімді.

Психолог: Г.К.Шаганова

1

 

Қимылдық ойын