АҚПАРЛАМА
Тақырыбы: «Ертегі сыр шертеді» ойын-сауығы

Ақпан айының 13-і күні «Алма» жекеменшік бөбекжай-бақшасында «Балдаурен» тобында «Ертегі сыр шертеді» атты шарасы өтті. Шарада «Бауырсақ» ертегісіне негізделіп ойындар мен тапсырмалар орындалды. Балалар ертегі кейіпкелерімен танысып, тапсырмаларын орындап ой өрістерін дамытты.
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін, сөздікқорын, тіл байлықтарын тексере отырып, білімдерін тиянақтау.. Ертегіні еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жақсарту, тілін дамыту, ертегі кейіпкерлерінің қимыл қозғалыстарын, көрсете білуге үйрету, шығармашылық қызығушылықтарын тудыру, денесін шынықтырып, мейірімділік, жанашырлық сезімдерін қалыптастыру. Топпен жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.








Әзірлеу және алып жүру: