25/09/2024  Сәрсенбі

«Алма» жекеменшік балабақшасы 2019 жылдың 19-20 наурыз аралығында «Қош келдің - Әз, Наурыз» атты ертеңгіліктер өткізді.

Мақсаты:

- Ұлттық салт-дәстүрмен, ұлттық ойындармен таныстырып, оларды терең түсіне сезіне білуге ұйрету;

- Балалардың тілін дамыту,психикалық қабілетін дамытуға көңіл бөлу;

- Балалардың қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейірімділікке тәрбиелеу, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге тәрбиелеу;

Балаларға қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау барысында әр топ, әр түрлі салт- дәстүрлер көрсетсе,кейбір топтар қазақтың ұлттық тағамдарын,ұлттық ойындарын көрсетті. Атап айта кетсек

«Балапан», Бүлдіршін» топтарының бүлдіршіндері ата-анасымен біріге отырып «Тұсау кесу ,Бесікке салу» рәсімдерін бейнеледі.

Бүлдіршіндер арқан тартысып сайысқа түсті.

ІІ кіші «Ботақан» тобы Ұлттық әндерден сайыс.

Бұл сайысқа бүлдіршіндер ата-аналарымен қатысты. Мақсаты:

- Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу;

ІІ кіші «Құлыншақ» тобы «Өнегелі ана-өнерлі бала» сайысы.

ІІ кіші «Еркемай» тобы ұлттық ойындардан сайыс.

Ата-аналар 4 топқа яғни «Бәйтерек»,»Бәйшешек»,» Барыс»,»Шұғыла» топтарына бөлініп сайысқа түсті.

Ортаңғы «Балдырған тобы» «Ал,қанекей,әжелер» сайысы.

Мақсаты:

- Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу;

- Әже тәрбиесін үлгі ету;

- Әжелердің айтқаны асыл екенін,әрі олардың өнегесінің ерекшелігін ашу;

- Баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету;

Ересектер «Балдәурен» тобы ата-аналармен байланыс орната отырып «Келіндер» сайысын ұйымдастырды.