25/09/2024  Сәрсенбі

1 желтоқсан тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында барлық топтарда мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікті өткізудің негізгі мақсаты: тәрбиеленушілерге Президент өмірін үлгі ете отырып, елін жерін құрметтеуге, бірлік пен ынтымақтықтың қадірін ұғындыру, түсіндіру.

«Еркемай» тобының тәрбиешісі Елубаева Асемгул «Елі сүйген Елбасы» атты ашық оқу қызметін өткізді. Тәрбиеленушілер елбасының өмірі мен еңбек жолынан көптеген мәліметтер алды, жаттаулар мен ән салды.

04.12.2018 ж ауа –райының құбылуы және желшешек ауруының көптеп орын алуына байланысты мейірбике барлық топтар мен ата-аналарға аталған ауру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

12.12.2018 күні балабақшамыздың ашылғанынына 1 жыл толуына орай «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға ауыл әкімі Нұғманов А.Ж, аудандық білім бөлімінен Еңсегенова Л және Кезбаев әулетіненен көптеген қонақтер келді. Мерекелік шара барысында 1 бөлімде қызметкерлер мен тәрбиеленушілер қойылым қойды.

2. Бейнелеу пәндері мұғалімдері Қошанова Г.Я, Даулетбаева Н.Қ «Кемпірқосақ» атты ашық оқу қызметін көрсетті.

3. Балабақшаға саяхат!

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

14.12.2018ж балабақша ішілік өндірістік жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер көтеріліп, кеңестер мен нұсқаулықтар көрсетілді.

27-28.12.2018ж аралығында барлық топтарда «Қош келдің жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктер өткізіліп, шырша мерекесі тойланды. Балалар өте көңілді, кейіпкерлер өте көп, ата-аналар өз тараптарынан ризашылықтарын білдірді.