25/09/2024  Сәрсенбі

Қазан айының алғашқы күнінен бастап балабақшаның жылу маусымына дайындығын тексеру мақсатында:

-Терезе , есік жақтаулары тексеріліп саңылаулар болмауы қадағаланды;

-жылыту жүйесін тексеру, ауа айналымын реттеу;

-ғимараттың жылу жүйесін ретке келтіру Д.Сабуровқа және ШІМ

Д.К Кезбаеваға жүктелді. Нәтижесінде толық дайын екендігін ескерті. Жылу қазандығын 11.10.2018 күні қосатындығы айтылды.

01.10.2018 күні балалардың балабақшаға қатысы және денсаулығы бойынша мейірбикенің есебі тыңдалды. Балалардың балабақшаға қатысы топтар бойынша жеке-жеке есепке алынды. Желшешек ауруының қозып тұрған шақ осы, орайда ата-аналар жиналыстарында айтылу керектігі қаперге берілді. Осы орайда 2 бала желшешекпен ауырып жатыр. Олар «Бүлдіршін» тобының тәрбиеленушісі Жолболды Мансұр, «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Сүгірбай Аянат.

Топтардың қатысы бойынша айтатын болсақ:

Топ атауы

Бала саны

1

Балапан

22

2

Бүлдіршін

17

3

Ботақан

20

4

Құлыншақ

20

5

Еркемай

18

6

Балдырған

23

7

Балдәурен

21

Салқын тию, қызу көтерілу т.б белгілермен ауырып жатырған тәрбиеленушілер де бар.

Қазан айы бойы балабақшаның материалдық – техникалық базасы бойынша тағы бір мәрте тексеру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда «Ғажайып әлем» бөлмесіне 3 көрнекілік үстелі, проектор үстелі (стойка), акт залға 2 конференциялық үстел, хореграфия залына айна және қабырғаға қағылатын ұстайтын ағашы алынды.

05.10.2018 күні І, ІІ кіші топтардағы таңғы жаттығу жасау тәртібі тексерілді. Топтар толық жаттығу жасады, алайда уақыттары әр түрлі, балалардың балабақшаға кеш келулері көптеп орын алынды.

09.09.2018 күні балалардың жолдамаларының тіркелу журналы тексерілді. Тәрбиеленушілердің барлығының жолдамалары түгел, құжаттары толық.

09.10.2018 күні жалпы ата-аналар жиналыс өткізілді. Күн тәртібі бойынша барлық сұрақтар жан-жақты қаралды, сауалнама алынды. Ата-аналар комитеті сайланды. Түрлі мәселелер бойынша қосымша мәліметтер де айтылды. Мейірбике көптеп орын алып жатырған желшешек ауру, оның белгілері мен емдеу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыстан соң ата-аналар балабақша ішін аралап жеке Әдіскер,Психолог, кір жуу бөлмесі, спорт зал, хореография,бейнелеу өнері залы, кастюмдер бөлмесі,«Ғажайып әлем» секілді бірнеше орындарды тамашалап аралады.

16 қазан күні Балабақша ішілік «Өнегелі тәрбиеші- өрге жүзер» атты 2 кезеңнен тұратын тәрбиешілер арасында сайыс ұйымдастырлды.

1. Мәнерлеп оқу сайысы жеке тәрбиеші

2. Ертегілер елінде топ бойынша

Мәнерлеп оқу сайысы б/ша БалғаеваД және Бекібаева А І орын иеленді.

«Ертегілер елінде» сайысында І орынды «Балдырған» және «Ботақан» топтарының тәрбиешілері иеленді.

17.10.2018 күні тәрбиеленушілердің ата-аналары мен балабақша арасындағы келісім шарттары тексерілді. Келісім шарттарды тексеру барысында , 2-3 баланың келісім шарттарына қосымша жалғанбағандығы анықталды. (Жеке топтан жасы 3 ке толып ауысқан тәрбиеленушілер ) Хатшыға шұғыл қолға алу тапсырылып, қосымша жинақталынды.

Қазан айының 24-25 күндері «Алтын күз» мерекелік ертеңгілігі өткізілді. «Күз сыйы» атты көрме жасақталып, ата-анамен байланыс орнатылды. Барлық топтарға «Алтын күз-2018» атты буклет жасау тапсырылды.

26.10.2018 «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында психолог Шағанова Г.К «Рухани адамгершілік сана-сезім» тақырыбында ой- толғау өткізді.

1. Ой толғау;

2. Сынық құмыра видео-ролик тамашалау, ой бөлісу;

3. ағашты безендіру;

4. Сазды әуен