25/09/2024  Сәрсенбі

03.09.2018 күні «Білім күні» мерекесіне орай тәрбиеленушілер балабақшаға мектеп формасымен келді. Балабақша іші мерекелік көңіл күйге сәйкес безендірілген.

03.09.2018 күні шаруашылық ісі меңгерушісі Д.Кезбаева ойын алаңдарының жалпы жағдайын тексерді. Талапқа сай, алайда сырғанақты сәл кішірейту керек дене ұсыныс жасалды.

05-06 қыркүйек күндері қызметкерлерге жалпы ІШКІ ТӘРТІП, Ереже және лауазымдарына сай нұсқаулықпен тағы бір таныстырып өтілді.

07.09.2018 күні Республикалық «таза» қол» акциясы аясында Ақшұқыр дәрігерлік амбуллаториясының дәрігері Қазиханова Айгул халықаралық қол жуу стандарты бойынша, жалпы тзалықтың мықты денсаулық кепілі туралы дәріс оқыды. Балаларға сұрақтар қойды, «Иммунитет» атты мультфилм көрсетті. Дәріс соңында топтарға қолды дұрыс жуудың ережелері бойынша қол жуып көрсетті. Балабақша мейірбикесі Дайрабаева Р да қосымша тың мәліметтермен балалармен ой бөлісті.

10.09.2018 күні Балалардың тамақтануы, ұйымдастырылуы бойынша балабақша мейірбикесі Дайрабаева Р.С және ЖК Орынбаева А.Д бірлескен балалардың тамақтануына рейд ұйымдастырды. Тамақтану ас мәзіріне сай дайындалған, балаларға ұнамды және С витаминді сусын мен бөлке нан, бәліштер беріледі. Кешкі мезгілінде ата-аналардан ауызша «Сіздің балаңыздың балабақшадағы тамақтану туралы не айтасыз?» Көпшілік ата-аналар : балалары үйге тойып келетінін, ешқандай арыз- талаптарының жоқ екендігін айтты.

2018 жылдың 11 қыркүйек күні Меңгеруші жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібінен бөлек жоспардан тыс тығыз шаралар да талқыланды. Кеңес хаттамасы толтыру хатшыға жүктелді.

12-14.09.2018 күні аралығында балалардың ойын уақыты бақыланды.Ойыншықтар топтарда балалардың жас ерекшеліктеріне сай берілген. 14 қыркүйек жұма күні жұмыс күнінің аяғында топтардағы оыншықтардың жуылғандығы, оларды жуу ережесі тексерілді. Нәтижесінде барлық топтардағы ойыншықтар жуылып, кептіруге қойылған. Дүйсенбі күні таңертең жинап алуға.

2018 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылды.Жауапты дене шынықтыру пәні мұғалімі Дильманова А.М Осы орайда 1 апта бойы балалар балабақшаға спорттық киімдермен келді және таңертеңгі жаттығуда таза ауада әуен ырғағымен флешмоб биледі.

13 қыркүйек күні «Балдәурен» және «Балдырған» топтары арасында 5 бөлімнен тұратын спорттық сайыс өткізілді. Сайыс түрлері: 1. Секіру 2. Кім епті? 3. Су беру; 4. Кім мерген 5.Қырқаяқтар сайысы. Сайысқа мәдениет үйінің қызметкерлері де келді.Балаларға ертегі кітаптарды сыйға тарты.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоспарланған іс-шара бойынша тәрбиеші Нигметова А.Г «Маңғыстау-ашық аспан астындағы мұражай» атты дәріс өткізді. Сабақ барысында өлкеміздің ойы мен қырын, әулиелі жерлерін, бағалы аң –құстары мен жан- жануарлар, өсімдіктері туралы тың деректер айтты. Өндіріс орындарымен шаруашылықтары т.б туралы мәліметтер берді. Авторы Р.Гизатолланың «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты видеоролик көсетілді. Оның ішінде Маңғыстау өлкесіндегі киелі әулиелі жерлер бейнеленгені балаларға ерекше әсер етті Өздері көріп жүрген Қошқар ата зиратын көріп қасиетті орын екендігіне көздері жетті.

Теңіз шекарашыларымен кездесу!

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақшұқыр мәдениет үйімен бірлескен Бабабадан балаға мұра! атты шара ұйымдастырылды.

19.09.2018 күні «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында жоспарланған іс-шара бойынша Умирзакова Р.С «Ауылым-алтын бесігім» атты ашық сабақөткізді. Ақшұқыр ауылының құрметті азаматтары, көше атаулары, мекемеле,р мәдени- рухани орындары туралы көптеген мәлімет жеткізді. Оның ішінде «Алма» ж.б салған Жеке кәсіпкер Кезбаев Б туралы да балаларға мәлімет айтылды.

19.09.2018 күні Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жоспарланған іс-шара бойынша Бекібаева А.І «Қазақ тілі—ғажап тіл» атты сабақ өткізді. «Таза-қазақша сөйлеу-мәдениеттіліктің белгісі» деген тамаша сөзді көкейімізге түйіп алдық. Қазақ тілінің бай, көркем, қазақтың ата тілі т.б көп тармақты атауға ие екендігін аңғардық. Сабақ соңында Айымгул Ж.Аймауытовтың «Ана тілім» атты өлеңін оқыды.

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 21 .09.18күні тәрбиеші Бегендикова Ж.С әлем елдерінің тілдері туралы оның ішінде канар, Француз ,фриз, ротокас тілдерінің ерекшеліктері, кейбір елдер бір бірімен ысқыру арқылы сөйлесетінін білдік. Ротакс альфавитінде 11 әріп бар, әлемдегі ең аз әліпби.

Оқу жылының басталуына орай қызметкерлер мен тәрбиеленушілер туралы ақпараттар жинақталып НОБД толтырылды.Мәліметтер тексеріліп қазан айының 10 күні жабу жоспарланды. «Ғажайып әлем» атты бөлме жасақталды. Бөлмеде «Ұлы Абай», «Аңыз адам, абыз ата Әбіш Кекілбайұлының», «Парызын парасатпен пайымдаған» атты Б.Кезбаев, «Цифрлы Қазақстан», қазақ бұрыштары жасақталған.