25/09/2024  Сәрсенбі

Аңдатпа: Рухани жаңғырудың - басты тірегі-ұстаздар қауымы. Ақшұқыр ауылының «Алма» жекеменшік балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының жоспарына сәйкес іс-шаралар бекітіліп, уақытылы өткізіліп отыр.

Тірек сөздер: «Рухани жаңғыру»,Отпан тау, Маңғыстау, Жаһандану, Президент сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы елдің кемелденуіне,өркениет көшіне бастайтын дара жол. Өскелең ұрпақты жаңаша тәрбиелеудің тұжырымдылық негізі –ол ұлттық санаға жаңа сапа беру.

Рухани жаңғыру үйдегі тәрбиеден және балабақшадан басталады. Үйде ата-ананың жылы сөзбен бір-біріне сөйлеуі, сәбиіне жақсы сөздер айтуы, балабақшада тәрбиешінің «Айналайын» сөзінің өзі рухани жаңғыру дер едім. Адамдардың ара қатынасы, тарихи құндылықтарды қазіргі заман талабына сай ашу,осылардың барлығын -Рухани жаңғыру деп айтуға болады...

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаздық жол-ұлы жол! Бұл бекемдік пен білімділікті қажет ететін даңғыл жол. Шәкіртті ұядан баптап ұшыру үшін-кемел келешекпен,терең тарихты ойлап , санамен таразылап білім бергенде ғана мақсатқа қол жеткізе аламыз. Осындай өрісті кеңейтуде, ойды кемелдендіруде Елбасының- «Рухани жаңғыруы» идеялық бағдаршам дер едім... Осы орайда Акшұқыр ауылының «Алма» жекеменшік балабақшасында «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының жоспарына сәйкес іс-шаралар бекітіліп, уақытылы өткізіліп отыр. Біздің балабақшадағы бағдарлама аясы төмендегі тақырыптарға сай жүзеге асырылуда.

I «Өлке тану» бағыты бойынша – «Маңғыстау-ашық аспан астындағы мұражай» «Ауылым –алтын бесігім»

1.1 «Алтын адам» жобасы

1.2 «Тарих мұрасы» жобасы бойынша –«Маңғыстау мұралары»

1.3 «Елімнің шежірелі байлығы» жобасы бойынша –«Маңғыстау мәдениеті»

1.4 «Табиғат бесігі» жобасы «Табиғат әлемі балалардың көзімен» көрме

1.5 «Ұлттық қазына» жобасы бойынша «Киіз үй жабдықтарын дәріптеу»

1.6 «Менің Отаным –Қазақстан» жобасы бойынша «Тәуелсіз ел ұланы» топтар арасында патриоттық әндер сайысы

II «Отаным-тағдырым» бағыты

2.1 «Балалар мен жасөспірімдер және еріктілер қозғалысы» жобасы бойынша «Біз бақытты баламыз,біз біргеміз!»

2.2 «Білім алушылардың өзіндік азаматтық сана сезімнің деңгейін анықтау бойынша «Рухани-патриоттық сана-сезім» ой бөлісу

2.3 «Сөз тілдің көркі» бойынша «Қазақ тілі-ғажап тіл» мәнерлеп оқу сайысы 4,5,6,7 топтар

2.4 «Өрле,Қазақстан!»бойынша «Алем таныған Астана!»

2.5 «Дарынды ұрпақ- ел болашағы» бойынша «Білімді мыңды жығар»таным б.б.с

2.6 «Туған жер,Туған ел,Туған глобал» «Отпан тау тарихи мәдени кешені» слайд шоу дайындау

III. «Саналақ азамат» бағыты

3.1 «Білім сапасына қанағаттанушылық деңгейін анықтау» бойынша «Білім көк жиек-шексіз әлем» сайыс

3.2 «Мамандар әлемі» бойынша «Мен өскенде.....» (сайыс);

3.3 «Алтын қазына» бойынша «әшекей бұйымдар тарихы»

3.4 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» «Кәдеңізге жарасын» шығармашылық б.б.с

3.5 «Дарындылар әлемі» бойынша «Маңғыстау мақтаныштары»

3.6 «Айналаға қара» бойынша «Мен қолқанат боламын»

3.7 «Таным мәдениеті» бойынша «Ұлы дала елі» (көрме);

3.8 «Кітап білім бұлағы» бойынша «Ақшұқыр ауылдық кітапханаға саяхат»

3.9 «Business»бойынша «Мен кәсіпкермін»

3.9 «Ұлы дала жастары» бойынша «Жеңімпаз жастар»

 

Осы бекітілген жобаны жүзеге асырған, тәрбиеші педагогтардың іс-шарасына тоқтала өтейін.

Нигметова Алтынгүл «Маңғыстау –ашық аспан астындағы мұражай» атты ашық оқу қызметін өткізді. Мақсаты: Туған өлкенің мұнайы мен газдан басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар өлкеміздің бай екендігін, табиғатының көрнекті жерлерінің бар екендігіне балалардың көзін жеткізу. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Өлке тарихына балалардың қызығушылығын арттыру.

Маңғыстау өлкесінің әрбір бедері, тауы, тасы ақиқаты аңызға толы,әр ескерткіші ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Осындай мәдени мұралардың бірі –өлкеміздің сәулет ескерткіштері. Бұл сәулет ескерткіштерінде әртүрлі геометриялық пішіндер, қазақтың ою өрнектері пайдаланылған. Сәулет ескерткіштерінен сол кезде өмір сүрген адамдардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмысын, дүниетанымдарын көруге болады.

Маңғыстау сәулет ескерткіштері тарихи-мұра. Олар мемлекет қорғауында.

 

Балабақша психологы Шаганова Гүлім тәрбиешілер арасында «Рухани адамгершілік сана-сезім» ой толғауын өткізді.

Мақсаты:

1.Болашақ ұрпақтың бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру

2. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу,мінез-құлық, тектілік, құнды қасиеттерді сіңіру I. Ой толғау(топқа бөлінген тәрбиешілер берілген тапсырма бойынша ойларын жеткізуі қажет.)

1.Баланың рухани дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз?

2. Сіздің маман ретінде тәрбиеленушіге таққан мін ескертулеріңізді ата-анаға қалай түсіндересіз?

3. «Алтын күз» шарасының жоспарын жасақтау барысында екі тәрбиешінің арасында келіспеушілік туындап қалды.Компрамикске қалай барар едіңіздер?

Әр бөлініп отырған команда 3 сұраққа дайындалып жауап береді.

Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама !»(өмірдің құндылығын бағалау)

 

Тәрбиеші: Бердімұратова Ә.

«Отпан тау –тарихи мәдени кешені»

Отпан – тау биігі. Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі.(биіктігі -532м) Ақтау –Таушық-Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде, жолдан 5-6 км сол жақ қапталында орналасқан. Отпан таудың басынан жан-жағыңа көз салсаң, Бес шоқы –биік тауларды,сай сала жазық даланы, ағарған биік төбелер мен жотаны,ағып жатқан бұлақты,көгеріп жатқан теңізді ,ала бұлт шалған көгіңді,кең байтақ шексіз жеріңді, кей кездері тұман басқан даланы,ақ шаңқан Ақтау қаланы, көгерген бақша көз тартқан елді мекен ауылды, тау бөктеріне жайылған төрт түлік малдыкөре аласың. Көктем кездерінде түрлі түсті гүлдерді,ерте кезде ақсақал ағалар ем үшін іздеп келетін 15 түрлі өсімдік киелі шипа шөптерді көресің. «Адай Ата-Отпан тау» рухани тарихи мәдени кешені.

Ақсарай . Адай атамыздың Ақордасы. Ақсарай Адай атаның 8 немересінің құрметіне арналған 8 бөлмеден тұрады.

«Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы

«Маңғыстау және Маңғыстаулықтар»көрмесі

«Қолөнер көрме залы»

«Өлке жеріндегі ислам көрме залы»

«Ана келбет» ескерткіші

362 баспалдақ

Адай Ата кесенесі.

Адай Ата елінің Ел таңбасы

«Көкбөрі»

«Ұран оты» бар

Умирзахова Раушан «Ауылым –алтын бесігім» тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді. Тәрбиеші балаларға өздерінің туған ауылдары Ақшұқыр ауылы туралы айтып берді.

«Ең далам –анам , мен –балаң деп ақын атамыз жырлағандай,менің ең далам,тұрағым- Ақшұқыр ауылы.Ауылымның тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Облыс орталығы Ақтау қаласынан –Ақкетікке қарай ұлы жолдың бойында, бірінші Ақшұқыр елді мекенін көреміз.

Түп қазығы тереңге тараған қарашаңырағымыз Түпқараған ауданы осы елді мекеннің шекарасынан басталады. Облыс орталығынан бар жоғы13 шақырым қашықтықта жатқан ауылдың аймағы 5400гк қамтиды. 2017 жылдың есебі бойынша халық саны -8200.

Ақшұқыр деп атауының себебінің өзі, ауылдың жер бедеріне байланысты аталған. Жартылай шеңбер теңізге қарай үңіліп тұрған қабақ болған.

Ақшұқыр ауылының жергілікті тұрғындары, қазіргідей болып дамуына үлес қосқан біздің аталарымыз бар, әжелеріміз бар. Осы кісілердің құрметіне көше атауы берілген. Ақшұқыр ауылын да «Жайлау» ЖШС, 1-орта мектеп, 1-мектеп лицейі, 7- балабақша, кітапхана, 2-дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі,2-мейрамхана, халыққа қызмет көрсететін коммуналды шарушылық кәсіпорны «АқшұқырГазсервис», «КазТрансГазАймақ», «Казпочта», аймақтық полиция пункті,3 наубайхана, тігін шеберханасы, Тетис су өндіру кешені, Балық заводы, жылыжайлар т.б шаруа қожалықтары қызмет істейді. Ақшұқыр ауылы тек қана келешегі кемелденіп келе жатқан Түпқараған ауданы ғана емес Маңғыстау өңірінің өсуіне үлес қосып отырған бір де бір елді мекен! Белгілі жерлес қаламгер Маршал Әбдіхалықов атындағы орта мектеп республика бойынша «ХХІ ғасырдың таңдаулы ауыл мектебі» номинациясымен бірінші орын иеленгені тағы бар. Осындай игі істердің басы қасында жүріп,ретін тауып ойдағыдай ұйымдастыра білетін ауыл әкімі Нұғманов Айсағали Нұрғожаұлы –Елбасы жолдауы алдағы жұмыстарымыздың бағдаршамы дейді!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Балабақша,мектеп,университет» жолдауын қолға алып ауылымыздың ардақты азаматы Кезбаев Бітім Тәжіғұлұлы өз анасы «Алтын алқа иегері» көп балалы ана Кезбаева Алма Түрікменбайқызы атына 170 орындық «Алма» балабақшасын салып берді. Кезбаев Бітім ағай ауыл бүлдіршіндерін балабақшамен қамтамасыз етіп қоймай, ауыл тұрғындарын, жас мамандарды жұмыспен қамтыды.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «Сананың ашықтығы» Осы орайда біздің тәрбиеленушілеріміз бәсеге қабілетті, өз ойын ашық айтатын, қазіргі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Түқараған ауданы Ақшұқыр ауылы «Алма» жекеменшік балабақшасының «Болашаққа бағдар:» Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы 2018-2019 оқу жылының іс-шаралар жоспары;